Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласындағы жобалық тәсілді өзектендіру

Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласындағы жобалық тәсілді өзектендіру
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласындағы жобалық тәсілді өзектендіру» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігі, оларды іске асыру барысында азаматтық қоғам өкілдерінің өзекті және проблемалық мәселелері, сондай-ақ гранттық жобалар тақырыптарын жетілдіру бойынша ұсынымдар талқыланды.
ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов ағымдағы жылы іске асырылып жатқан жобалар мен 2023 жылға ұсынылатын тақырыптарды атап өтті.
«Гранттар тақырыбын қалыптастыруда және әлеуметтік жобаларды іске асыруда біз үшін ең алдымен қоғамдағы ең өзекті және өткір мәселелердің шешімін табу маңызды», – деп атап өтті Қайрат Баймульдинов.
Кездесуге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, «Жастар» ҒЗО өкілдері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.