ҚХА Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

ҚХА Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Бүгін Шымкент қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Әзімова, мемлекеттік органдар, ҚХА және БАҚ өкілдері қатысты.
Марат Әзілханов Мемлекет басшысының осы жылдың 29 сәуірінде өткен ҚХА-ның 31-сессиясында этномедиация институтын дамыту және құқық қорғау қызметін күшейтуге Ассамблея медиаторларын тарту жөніндегі тапсырмасын іске асырудың негізгі аспектілеріне тоқталды.
М. Әзілханов түрлі этнос өкілдеріне жататын азаматтардың құқығын қамтамасыз ету үшін ашық талқылаулар ұйымдастыру, достық үйлерінде этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және консультациялар өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ ол халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың мәселелерін шешу үшін ҚХА медиаторларының ауылдық жерлерге баруын ұйымдастыру қажеттілігіне назар аударды.
Қатысушылар проблемалық мәселелерін ортаға салып, жалпы медиация институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты. Медиация кеңесінің мүшелері айтылған ой-пікірлерді қолдады.
Кездесу соңында Марат Әзілханов медиация кеңесінің жаңа төрағасы ҚХА мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Шерзод Пулатов болғанын мәлімдеді.