Министр Асқар Омаров Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесті

Министр Асқар Омаров Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Дюшекеевпен кездесті.
Әңгімелесу барысында осы күзде өтетін Қазақстан Республикасындағы Қырғызстанның Мәдениет күндерінің іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу аясындағы өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.
Министр Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екі елдің телеарналарында одан әрі трансляциялау үшін телевизиялық өнімдермен өзара алмасуды ұсынды.
Өз кезегінде қырғыз тарапы жан-жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара тиімді қатынастарды нығайту туралы ниеттерін білдірді.