NEET санатындағы жастардың ниеті қандай?

NEET санатындағы жастардың ниеті қандай?

29 шілде күні Түркістан қаласында «NEET санатындағы жастармен жұмыс» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг басталды. Іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысып жатыр.
Оқыту семинары барысында NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу әдістемесі, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып апробациялау мәселелері талқыланады. Іс-шарада жастардың осы осал санатымен жұмыс істеуге қажетті қарым-қатынас пен кеңес берудің заманауи дағдылары үйретіледі.