ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сауд Арабиясы Бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі арасындағы меморандумға қол қойылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сауд Арабиясы Бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі арасындағы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сауд Арабиясы Бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі арасындағы БАҚ саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

Меморандумға сәйкес екі ел арасында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы кездесулер, семинарлар мен конференциялар өткізу мақсатында екі мемлекеттің баспасөз мекемелері өзара ықпалдасады, және екі елдің медиа саласына қатысты өзара тиімді бірқатар жұмыс жүргізіледі деп күтілуде. 

 

Сонымен бірге «Сауд баспа ісі агенттігі» мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ арасындағы өзара түсіністік және ақпарат алмасу туралы меморандумға қол қойылды. Ол бойынша «ҚазАқпарат» ХАА мен «Сауд ақпарат агенттігі» арасында ақпараттық контент алмасу артады, бұл екі ел аудиториясына күнделікті жаңалықтарды еларалық масштабта бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тараптар, сондай-ақ, контент жасау және алмасу саласында да ынтымақтастықты арттыруға ниетті. 

 

Бұдан бөлек, екі елдің бірнеше ведомстволары  арасында осындай меморандумдарға қол қойылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/404174?lang=kk