Серік Егізбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды

Серік Егізбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды

Жұмыс сапары дін істері басқармасы және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» қызметкерлерімен кездесуден басталды.
Кездесу барысында саланың негізгі мәселелері және проблемалық аспектілері қаралды. Сондай-ақ вице-министр қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII съезіне дайындық барысымен таныстырды.
Жұмыс сапары аясында С.Егізбаев Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының ішкі саясат басқармалары «Қоғамдық келісім» КММ басшыларының жартыжылдық жұмыс есебін тыңдады; Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді. Ашық микрофон форматында өткен іс-шара барысында этносаралық қатынастар саласын дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Шара соңында С.Егізбаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Ақмола облысының бірқатар журналистерін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың атынан Құрмет грамотасымен марапаттады.