ҮЕҰ өкілдері қоғамды толғандыратын мәселелерді талқылады

ҮЕҰ өкілдері қоғамды толғандыратын мәселелерді талқылады

АҚДМ вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің екінші отырысы өтті.

Кеңес отырысының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Негізі баяндамашылар ретінде Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім, Төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылары әкім орынбасарларына өңірлік мәселелерді шешуде ҮЕҰ өкілдігін кеңейту бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Өз кезегінде, мемлекеттік органдар вице-министр мен үкіметтік емес сектор тарапынан айтылған ескертулер мен проблемалық мәселелерді назарға алды.