Қазақстанда медиа-контентті тұтыну. Әсер ету факторлары мен даму тенденциялары

Қазақстанда медиа-контентті тұтыну. Әсер ету факторлары мен даму тенденциялары
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Қазақстанда медиа-контентті тұтыну. Әсер ету факторлары мен даму тенденциялары» атты халықаралық конференция өтті. Оған телеарналар, медиа рейтинг жасау компаниялары және жарнама агенттіктерінің өкілдері жиналды.
Конференцияда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров сөз сөйлеп, осындай ашық пікірталастар отандық медиасаланың дамуына тікелей ықпал ететінін, айтылған барлық ұсыныстар зерделеніп, оларды қазіргі заманғы медиатәжірибеде қолдану тұрғысынан қаралатынын, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қашанда диалогқа шығуға дайын екенін айтты.