Кәсіпкерлік мәселелеріне дөңгелек стол өткізілді

Кәсіпкерлік мәселелеріне дөңгелек стол өткізілді

Жылдан-жылға мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына, әсіресе орта және шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ерекше көңіл бөлініп келеді.
2022 жылдыңөткен уақытында аудан прокуратурасының қадағалау актілерімен 100-ге жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Мемлекет басшысы өз жолдауларында кәсіпкерлік саласына, соның ішінде бизнес субьектілеріне қатысты түйткіл мәселелерді көтеріп, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Прокуратура органдарына аталған сала бойынша жергілікті атқарушы және құзырлы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдары тарапыпан әкімшілік кедергілердің болуы, рейдерлік фактілері мен заңсыз шешімдер мен әрекеттерге қатысты қадағалау жұмыстарын жүргізу міндеттері жүктеліп, бүгінгі күні тиісті шаралар қабылданып келеді.
Осы мақсатта, аудан прокуратурасымен кәсіпкер құқықтарын қорғау жөнінен мобильдік топ құрылды.
Сол себепті, 01.06.2022 жылы Ырғыз аудандық кәсіпкерлік палатасымен бірге мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуымен «Әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелері» тақырыбынакеңейтілген дөңгелек стол өткізілді.
Осы жиын барысында, жеке кәсіпкерлер тарапынан бірқатар сұрақтар көтеріліп, кәсіпкерліктің өзекті мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта, осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп, сұрақтар туындаған жағдайда аудан прокуратурасына жеке қабылдауға не мобильдік топқа (байланыс мәліметтері әлеуметтік желілерді шығарылған) жүгінуге болатынын жадыңызға саламыз.
Ырғыз ауданының прокуратурасы