Асқар Умаров Әзірбайжанның БАҚ саласының өкілдерімен кездесті

Асқар Умаров Әзірбайжанның БАҚ саласының өкілдерімен кездесті

Министр Асқар Умаров, Түркия Республикасына іс-сапары барысында, Әзірбайжан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде «Balapan», «Kazakh tv», «Хабар24» телеарналарын Әзірбайжан аумағында көрсету ұсынылды.

Министр қазақстандық нишалық телеарналардың Әзірбайжан аумағында хабар таратуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтып, әзірбайжандық мамандарды Орталық Азиядағы ең ірі медиашара – Astana Media Week апталығына шақырды.

Өз кезегінде, Әзірбайжан тарапы Қазақстанның БАҚ саласындағы, оның ішінде анимация өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, шараға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.