Асқар Умаров Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысымен кездесті

Асқар Умаров Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысымен кездесті

Бүгін, Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті.

Халықаралық жиынға қатысқан Министр Асқар Умаров, шараның негізгі бөлімінен кейін Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтунмен кездесті.

Жүздесу барысында екі ел арасындағы ақпарат және БАҚ саласы бойынша өзара ынтымақтастық мәселесі, бірлескен телехикаялар мен фильмдер түсіру, қоғамдық дипломатия саласында бірігіп жұмыс жүргізу, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.