Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті

Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысы өтті

Бүгін, 14 мамырда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бастаған Қазақстандық делегация Түркі мемлекеттері ұйымы Ақпарат және медиа жөніндегі министрлері мен лауазымды тұлғаларының 4-ші отырысына қатысты.

БАҚ және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамыту мәселелері талқыланған бұл шараға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия Республикасы Президенті Аппаратының коммуникациялар басқармасының басшысы, профессор Фахреттин Алтун, Әзірбайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Әзірбайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиев, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты Вице-министрі Чынгыз Эсенгул уулу және өзге де медиа саласының өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Министр Асқар Умаров өз баяндамасында:

- Фейк ньюс тарамауына және манипуляцияға қарсы жұмыс; журналистика мамандарын, әсіресе, техникалық мамандармен өзара тәжірибе алмасуды дамыту; Түркі Кеңесінің мүшелерімен біріге ортақ ОТТ платформа (Онлайн-Кинотеатр) құру; балаларға арналған анимациялық және видео контентпен алмасып, Түркі тілдес мемлекеттерге ортақ онлайн анимациялық мектеп құру идеясын ұсынамыз,- деп мәлімдеді.

Бұған қоса, Асқар Қуанышұлы «Qazaqstan» РТРК мен Түркияның «TRT» мемлекеттік телерадиокомпаниясымен бірге 4 сериялы «Қорқыт Ата» телехикаясын түсіру жоспарда тұрғанын, телехикаяны 2022 жылы түсіріп, 2023 жылы эфирге шығару жоспарда бар екенін және бұл жоба түркі әлемі медиакеңістігінің өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытатынын айтты.

Халықаралық деңгейдегі шараның бүгінгі негізгі бөлімі түрлі тақырыптық панельдік сессиялар мен және пленарлық отырыстармен жалғасты.