Бүгін, эксперименталды оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып, жасөспірімдер мен жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын нығайту жөніндегі SAMGAU жобасын енгізу нәтижелерімен таныстыру үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен UNICEF өкілдерінің Қарқаралы қаласына бірлескен іс-сапары өтті.
2020-2021 жылдары жалпы саны 20000-нан астам жастар бағдарламаға қатысып, өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруды үйренген болатын.
Осы орайда, Қарқаралы қаласының Жастар ресурстық орталығында жоба түлектері ЖРО-ның жаңартылған инфрақұрылымымен таныстырып, 2021-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясы, негізгі қызметі және жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы айтты.
«Біз үшін жастардың пікірін тыңдау, олардың қажеттіліктерін түсіну және олармен бір тілде сөйлесу өте маңызды. Біз Министрліктің қызметін Жастар бастамаларын қолдау жөніндегі сервистік модельге көшіру үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Біз үшін Samgau сияқты жобалар өте маңызды. Себебі ол қабілеттерді нығайтып, идеяларды жергілікті жерде, әсіресе ауылдық жерде іске асыруға мүмкіндік береді және біз ол үшін серіктестерімізге өте ризамыз. Біз жастар ресурстық орталықтарының әлеуетін бірлесіп нығайтуды жоспарлап отырмыз, осы бағыт бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті АҚДМ вице-министрі А.Данилов.
Бұған қоса, жиын барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының алаңында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен және жастар қызметкерлерінің қоғамдастығымен (Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты шеңберінде бейіндік жобаны іске асыратын ҮЕҰ) бірлесіп, ЖРО-ның ағымдағы проблемаларын, сын-қатерлер мен даму модельдеріне талқылау жүргізілді.