А.Данилов Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен және белсенді жастармен кездесті

А.Данилов Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен және белсенді жастармен кездесті

АҚДМ вице-министрі Александр Данилов Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен және белсенді жастармен кездесті.
Кездесу барысында жастардың мемлекеттік жастар саясатын жақсарту, барлық қоғамдық институттарда жас ұрпақ өкілдерінің қатысуын арттыру және студенттік ортада азаматтық, академиялық және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстары талқыланды.

Мемлекеттік аппараттың әлеуметтік желілер, электрондық сервистер және https://t.me/G2Jastar телеграмм-арнасы арқылы жастармен байланыс орнатудың жаңа тәсілдері аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.

Осындай тікелей кездесулер Министрлік қызметінің ауқымын арттырып, жастарды ұлттық және жергілікті деңгейдегі жастар саясатын қалыптастыруға белсенді атсалысуының бір бөлігі болып табылады. Барлық айтылған мәселелер мен ұсыныстар осы саладағы мемлекеттік шаралардың тиімділігін арттыру үшін жаңашылдықтың бір бөлігіне айналады.