Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383 Заңына және 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Қоғамдық кеңес туралы үлгілің ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Министрліктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 9 мүшеден тұрады, олардың 3-еуі министрліктің өкілдері және 6-ы азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері арасында сайланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде келесі құжаттарды қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайға жібереді:

       1) Жоғарыда аталған Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

      2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

      3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Сонымен бірге, Үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.

Байқаушы болуға ниет білдірген адам жоғарыда аталған Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті республикалық деңгейде мемлекеттік органға, квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар келесі мекенжайға ұсынылады (жолданады): Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі,8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, электрондық пошта мекенжайы: qogamdyqdamu@mail.ru.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды: 8(7172) 74-03-56, 74-18-37 телефондары арқылы алуға болады.

Өтініш