Елімізде орын алған соңғы оқиғалар барысында ұсталған журналистер туралы

Елімізде орын алған соңғы оқиғалар барысында ұсталған журналистер туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган. Әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымынан айнымай келеді.
Бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген. Бейбіт жиналыстарға қатысатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары осындай сәттерде қолданылады.
Кеудеше, арнайы байлағыш және жапсырма митингтерге қатысатын журналистің айырым белгілерінің нысандары. Аталған белгілерді тағып шыққанда олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.
Министрлік ұсталған әрбір БАҚ өкілінің жағдайын мұқият қадағалайды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстаудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіп, зерделеуде. Ұстау фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауында болып отыр. Бұл олардың кәсіби қызметтері барысындағы жұмыстарына рұқсат беруде қиындықтар тудырады.
Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды.
Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады.
Аталған мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында.