
Премьер-Министр ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровты таныстырды. «Министрлікке азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, ұлтаралық қатынастарды нығайту бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазір бұл бұрын-соңды болмаған маңызға ие. Діни және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Жастарымыздың деструктивті ағымдарға тартылмауы маңызды», — деген Ә. Смайылов жастар саясатына, отбасы және ақпараттық саясатқа баса назар аудару қажеттігін атап өтті.