«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері маңызды нысандарды күзетуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері маңызды нысандарды күзетуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысуда. 

Әскери бөлімшелер өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аймағында стратегиялық және аса маңызды нысандарды күзетуді жүзеге асырады.

Құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып елді мекендердегі кіреберістерде бақылау-өткізу режимін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар орындалады.

Өңірлік қолбасшылықтағы әскери бөлімдер мен бөлімшелерді генерал-майор Асан Жүсіпов басқаруда.