Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде бұқаралық іс-шаралардың барығы, соның ішінде, ғибадат ғимараттарында өтетін (мешіт, шіркеу, синагога, құлшылық үйлері т.б.) діни рәсімдер мен жоралардың да уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, 7 қаңтар күні аталып өтетін Православ қауымының діни мейрамы – Рождество кезінде де аталған шектеулерді сақтауға және түсіністікпен қарауға шақырамыз.