1600 астам қоғам белсендісі ҮЕҰ Академиясында дәріс алды

1600 астам қоғам белсендісі ҮЕҰ Академиясында дәріс алды

2020-2021 жылдары «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында 1600 астам ҮЕҰ өкілдері дәріс алды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жоба 2020 жылы басталып, сол жылы курстардың белсенді тыңдаушылары 800 адам болса, 2021 жылы 811 адам қатысты.

2021 жылы оқу Қазақстан, Ресей, Германиядан келген белгілі сарапшылар мен бизнес-тренерлердің қатысуымен өтті. Жүргізілген жұмыстың арқасында 2021 жылы 34 тренинг шеңберінде азаматтық сектор саласында 42 тренер даярланып, 42 оқыту тренингі шеңберінде 811 ҮЕҰ өкілдерінің құзыреті арттырылды, «ҮЕҰ академиясы» мобильді қосымшасы әзірленді.

Жалпы, аудиторияны қамту әлеуметтік желілерде 1 724 573 қаралымды құраса,  БАҚ-та 22 173 бірегей қаралымды құрады.

Сонымен қатар, «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі аясында 167 ҮЕҰ арнайы оқудан өтті.

ҚР АҚДМ бастамасы бойынша ұйымдастырылған «ҮЕҰ Академиясы» оқытудың инновациялық және қолжетімді әдістерін қамтиды. Олардың барысында ҮЕҰ өкілдері өздерінің кәсіби деңгейін арттырып, бәсекеге қабілетті үкіметтік емес секторды дамыту үшін халықпен жұмыс істеуде қажетті дағдыларды игере алады.

Осы жылы маркетинг, фандрайзинг, қаржылық сауаттылық, заң сауаттылық, ақпараттық технологиялар, жобаларды басқару, есеп жүргізу, әлеуметтік жобалау тақырыптары бойынша арнайы оқыту бағдарламасы, 8 оқу-әдістемелік кешен әзірленді.

Жобаны іске асыру келесі 2022 жылға да жоспарланған.

Жоба туралы толығырақ https://cisc.kz/ru/projects/akademiya-npo-2 сайтынан білуге болады.

Анықтама ретінде:

«ҮЕҰ Академиясы» жобасы – үкіметтік емес секторды дамыту үшін арнайы оқыту бағдарламаларын енгізу арқылы олардың әлеуетін арттыруға бағытталған республикалық ауқымды онлайн алаң.