«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

26 қараша 2021 жыл, Алматы қаласы.
ҮЕҰ арасында «Таңдау» сыйлығы биыл алғаш рет 15 номинация бойынша өткізіліп отыр.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Х Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдарға «Таңдау» сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Байқаудың негізгі идеясы – 10 жылдан астам тәжірибесі бар қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін әлеуметтік және қоғамдық өмірге, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен азаматтық қоғамды қалыптастыруда қосқан үлестерін көпшілікке жария ету.

«Таңдау» байқауын Қазақстанның Азаматтық альянсы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.
Бағалау критерийлері:
• Ұйымның үкіметтік емес сектордағы 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
• Мақсатты топтардың, аймақтың не жалпы ел өміріндегі жұмыс нәтижелерінің маңыздылығы және әлеуметтік әсері;
• Іс-шаралар мен жүзеге асырылатын жобалардың әлеуметтік маңыздылығы;
• Іс-әрекет тәжірибесі мен нәтижелер таралымы (мультипликатор эффектісі);
• Ұсыныстар, қоғам мен БАҚ пікірі

Айта кету керек, конкурс комиссиясының құрамына бірқатар қоғамдық-саяси жетекшілер, ҮЕҰ өкілдері, парламент депутаттары, бизнес құрылымдар мен мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері енді.
Сыйлықпен марапатталған тұлғаларға тиісті номинация бойынша «Республикалық «Таңдау» сыйлығының лауреаты» атағы, лауреаттың атаулы дипломы және естелік мүсінше беріледі.
Осылайша, 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
1. «Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» - Батыс Қазақстан облыстық мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігі
2. «Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау» - «Қазақстан саңыраулар қоғамы» ҚБ
3. «Қоршаған ортаны қорғау» - «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ
4. «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» - «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ
5. «Отбасылық, демографиялық және гендерлік мәселелерді шешу» - «Ақ-Отау» отбасы орталығы
6. «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» - Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
7. «Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек» - «Қоғамды ақпараттық қолдау» ЖҚ
8. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» - «Жер-Ана Астана» ҚБ
9. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау - «Қазақстан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ
10. Мәдениет пен өнердің дамуы - «ШҚ облыстық кітапханашылар қауымдастығы» ҚБ
11. Тарихи-мәдени мұраны қорғау - «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық түріндегі ЗТБ
12. «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту» - «Ауған соғысы ардагерлері» одағы
13. «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу» - “Құқық” ҚҚ
14. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» - «Періште» ҚБ
15. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу – «КАМЕДА» ҚҚ

Анықтама үшін:
«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары туралы қосымша ақпарат: https://drive.google.com/drive/folders/14zIr-WzKq8ZOijNRJON6ahcYGUD_T2wG?usp=sharing