Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті қолданушылар!

 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын іске асыру туралы» тақырыбында интернет-конференция өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Адами капиталдың сапасын арттыру БАҚ-ты дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған орай, заманауи үрдістерді ескере отырып, медиа саласы мамандарын үнемі оқыту қажеттілігі туындайды.

Интернет-конференция Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын іске асыруға қатысты ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау мақсатында өткізіледі. Интернет-конференция нәтижелері медиамамандардың біліктілігін арттыру бойынша Министрліктің алдағы қызметінде ескерілетін болады.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/conference/2097​ сілтемесі бойынша аталған интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.  

Интернет-конференция 2021 жылғы 26 қараша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады: 8 (7172) 740186, 87029992277 (Анель Кошкенбаева).