Алматыда IT-журналистика бойынша оқыту курстары басталды

Алматыда IT-журналистика  бойынша оқыту курстары басталды

Бүгін, 25 қазанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Халықаралық ақпараттық технолгиялар университеті IT-саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізуге кірісті (бағдарлама қоса беріледі).

Курстар осы жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Халықаралық ақпараттық технолгиялар университеті арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы жасасқан меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде.

Курсқа қатысушыларға бес күн бойы дата журналистика, цифрлық сторителлинг, мобилография ерекшеліктері бойынша түрлі дәрістер өткізілетін болады.

Спикерлер ретінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, оның ішінде психология саласындағы PhD профессор Мануель Мартинез, «Компьютерлік инженерия және ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының сеньор-лекторы, ІТ-маманы, Ерғали Дәулетбек және т.б. сөз сөйлейді.

Оқыту курстары 2021 жылдың 29 қазанына дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Тікелей көрсетілім Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Youtube желісіндегі https://youtu.be/SQb9ddJACkE ресми парақшасында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ЖОО-мен бірлесіп медициналық, экологиялық, діни салаларда маманданған журналистерге арналған оқыту курстарын өткізді. Курстарға 4000-ға жуық қатысушы қатысты.