А. Умаров Отбасылық аула клубы мен Әлеуметтік-псхологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты

А. Умаров Отбасылық аула клубы мен Әлеуметтік-псхологиялық қолдау орталығының жұмысымен танысты

16 қазан 2021 жыл.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Замандас» отбасылық аула клубы мен «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығында болды.

Айта кетсек, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау аясында әр өңірде отбасын қолдау орталықтарын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Асқар Умаров «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығын аралау барысында осы орталықта оңалтудан өтіп жатқан жасөспірімдермен әңгімелесіп, жастарды қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Замандас» отбасылық аула клубына барған кезде 2021 жылдың басынан бері оның базасында қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау бойынша бірыңғай білім беру және консультациялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында құрылған Отбасын сүйемелдейтін республикалық орталық жұмыс істейтіндігі атап өтілді.

Ағымдағы жылы отбасын қолдау орталықтарының 300 қызметкерінің қатысуымен 10-нан астам тақырыптық тренингтер өткізілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған 500-ден астам әйел келесі бағыттар бойынша жаңа мамандықтарды игерді: тігін шеберлігі, клининг, СММ, аспаздық, сұлулық саласындағы мамандықтар. 700-ге жуық адам «бір терезе» қағидатымен түрлі мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау алды.

Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Замандас 21» ҚҚ жүзеге асыруда.