Қазақстан мен Ресей сарапшылары діни экстремизмнің трансшекаралық қатерлерін талқылады

Қазақстан мен Ресей сарапшылары діни экстремизмнің трансшекаралық қатерлерін талқылады

Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсы мен «Еуразия халықтары достастығы» Ресей автономды коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған «Діни экстремизмнің трансшекаралық қатерлері: Қазақстанның көзқарас» халықаралық сараптама алаңы өтті.

Сараптама алаңының жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, дәстүрлі дін өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің діни экстремизмнің алдын алу саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.

Ержан Нүкежанов өз сөзінде халықаралық терроризм мен экстремизмнің таралу қаупін алдын алу, ел ішінде және одан тыс жерлерде қауіпсіздікті нығайту мәселелері Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі негізгі басымдықтары болатынын атап өтті.

Ол сондай-ақ террористік қауіптердің алуан түрлілігі мен ауқымдылығы екі ел азаматтарының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау тәсілдерін үнемі жетілдіруді талап ететінін атап өтті.

Іс-шара барысында сарапшылар пікір алмасып, діни экстремизм мен терроризмнің таралуына қарсы іс-қимылдың неғұрлым қолайлы және тиімді әдістерін ұсынды.