Facebook, Instagram, Telegram ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аккаунттарына верификация белгішелерін берді

Facebook, Instagram, Telegram ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аккаунттарына верификация белгішелерін берді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына аталған компаниялардан верификация белгілері берілді.

Верификация белгішесі — бұл аккаунты әлеуметтік желі әкімшілігі тексергенінің дәлелі.
Бұл таңбаның болуы аккаунтты жалған парақшалардан қорғайды және адамдарға шынайы парақшаны табуға көмектеседі.
"Егер сіз растау белгішесін көрсеңіз, бұл біз Парақшаны немесе Профильді тексеріп, олардың иелері шынымен өздері шығаратындарын растады дегенді білдіреді. Егер белгіше болмаса, онда бет немесе профиль жалған болуы мүмкін", — деп жазады Facebook әкімшілігі.
Instagram-дың негізін қалаушыларының бірі Майк Кригер бұл құралдар әлеуметтік желіні қауіпсіз етуге және жалған аккаунттардың таралуын тоқтатуға көмектеседі деп атап өткен болатын.

Facebook, Instagram, Telegram іздеу жүйесінде танымал @aqparatqogam атауын теру арқылы ҚР АҚДМ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылуға және ведомствоның қызметі туралы бірінші болып хабардар болуға болады.

Сонымен қатар, журналистермен және БАҚ өкілдерімен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін ҚР АҚДМ баспасөз қызметінің арнайы WhatsApp Business және Telegram-bot нөмірлері жұмыс істейтінін еске саламыз. Нөмірі + 77472778468.