ҚР АҚДМ-де БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ өкілімен кездесу өтті

ҚР АҚДМ-де БАҚ бостандығы мәселелері бойынша ЕҚЫҰ өкілімен кездесу өтті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді.

А.Балаева азаматтардың ақпаратты еркін алуға және таратуға конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның дәйекті қадамдары, сондай-ақ пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау және кірістерді қысқарту жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

Министр БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, А.Балаева Т. Рибейроны министрліктің БАҚ-ты дамыту саласындағы түрлі жобалары аясында өзара жемісті жұмысқа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар БАҚ-ты дамыту саласының барлық негізгі мәселелері бойынша байланысты дамытуға келісті.