А.ж. 9-10 қыркүйекте Өзбекстанда ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің кеңсесі БАҚ-тың 23-ші жыл сайынғы Орталық Азия конференциясы COVID-19 жағдайына байланысты алғаш рет гибридті форматта өтті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысты. Жалпы, конференция жұмысына мемлекеттік органдар, БАҚ, журналистер қауымдастығы, азаматтық қоғам және ғылыми қоғамдастық атынан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен 70-ке жуық адам қатысты.
Жиын барысында қатысушылар медиа саланың өзекті мәселелері, БАҚ бостандығы, жалған ақпарат тарату, Орталық Азия мен Моңғолияда қоғамдық хабар таратуды қабылдау бойынша пікір алмасты.
Конференцияның ашылуында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғайрат Фазылов және басқалар сөз сөйледі.
10 қыркүйекте II сессияда: Қазақстан тарапынан «Орталық Азия мен Моңғолиядағы БАҚ бостандығының жағдайына шолу» бойынша Құқықтық медиа орталығының медиа-заңгері Гүлмира Біржанова мен ҚР АҚДМ БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Зарина Баянова спикер ретінде сөз сөйлеп, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы туралы жеткізді.
Осылайша, З.Баянова өз сөзінде Министрліктің салалық заңнамасын жетілдіру, журналистер қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т. б. бойынша жүргізіп жатқан жұмысына тоқталды.
Сонымен қатар, Зарина Баянова Министрліктің БАҚ дамыту, сөз бостандығы, журналистердің құқықтарын қорғау, медиа саласы бойынша мамандарды оқыту мәселесіне қатысты үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.
Орталық Азия елдерінің бірқатар өкілдері өз сөздерінде Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің кейбір реттелген мәселелері мен ақпаратқа қол жеткізу басқаларға үлгі болып табылатынын атап өтті.
Жыл сайын ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі ұйымдастыратын Орталық Азия БАҚ конференциялары өңірдегі БАҚ бостандығы саласындағы маңызды оқиғаларды талқылау үшін пайдалы тұғырнама болды.