Қазақстан халқы Ассамблеясы: Жолдауды жүзеге асыруда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Жолдауды жүзеге асыруда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және іске асыру бойынша республикалық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары және басқалар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент Жолдауының негізгі міндеттерін, ҚХА-ның оларды іске асыруға қатысу сұрақтарын, сондай-ақ Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмысын талқылады.

М.Әзілханов Мемлекет басшысының Жолдауы бірлікті, тәуелсіздікті, халықты біріктіретін құндылықтарды сақтау және нығайту қажеттілігі туралы қоғамға беріліп отырған белгі болып отырғандығын атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі С.Егізбаев Министрліктің этносаралық қатынастарды дамыту және үйлестіру жөніндегі қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Спикерлер Президент өз Жолдауында әрбір қазақстандықтың елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі маңызды екенін атап өтті.

Қатысушылардың пікірінше, Жолдау күн тәртібіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзекті мәселелерге тәжірибелік жауап болды, халықты толғандыратын өзекті мәселелерге тікелей жауап берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен барлық құрылымдарының қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын одан әрі түсіндіруге және тиімді іске асыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.