"The Village Kazakhstan" сайтында жарияланған мақалаға қатысты пікір

"The Village Kazakhstan" сайтында жарияланған мақалаға қатысты пікір

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің жауапты қызметкерлері "The Village Kazakhstan " редакциясына қажетті көмек көрсетіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында редакциямен, сондай-ақ мақала авторымен байланысқа шығып отыр.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс деген қағиданы ұстанады.

Министрлік өз тарапынан журналистердің құқығын қорғауға көмектесуге дайын.

Сонымен қатар, ақпараттың шынайылығына қандай да бір материал жарияланатын БАҚ, сондай-ақ материалдың немесе жарияланымның авторы жауапты екенін еске саламыз.

Барлық журналистерден жарияланым кейіпкерлерінің жеке өміріне зиян келтірмеу үшін этикалық нормаларды сақтауды сұраймыз.