ҚР АҚДМ сарапшыларды ҮЕҰ сыйлықақысының өтінімдерін қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіруге шақырады

ҚР АҚДМ сарапшыларды  ҮЕҰ сыйлықақысының өтінімдерін қарау жөніндегі  жұмыс тобының құрамына кіруге шақырады

2021 жылғы 1 қыркүйекте,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдардан ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтайды.

Осыған байланысты, бүгінгі таңда ҮЕҰ өтінімдерін қарау үшін ҮЕҰ, БАҚ, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері кіретін (1-кезең) әлеуметтік маңызы бар 15 бағыт бойынша жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылуда:

  • білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
  • азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
  • отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
  • халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  • жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
  • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
  • мәдениет пен өнерді дамыту;
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау;
  • қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
  • өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  • азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Жұмыс тобына келесі тұлғалар өз кандидатураларын ұсына алады:

  • ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері;
  • жоғарыда көрсетілген бағыттардың бірі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі барлар;
  • жоғары білімі және / немесе ғылыми дәрежесі бар азаматтар;
  • ҮЕҰ үшін сыйлықақы алуға үміткер емес тұлғалар.
  • Барлық кандидатуралар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігі және мүдделер қақтығысының болуы тұрғысынан қаралатын болады.
  • Жұмыс тобы мүшелерінің өтінімдерді қарастыруы ағымдағы жылғы 10-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.;
  • Сарапшылардың жұмысына ақы төленбейді және қоғамдық негізде жүргізіледі;
  • Жұмыс тобы сарапшыларының қорытынды бағалары бұдан әрі комиссияның қорытынды отырысында қаралатын болады (2-кезең).

Егер Сіз белсенді азаматтық ұстанымға ие болсаңыз және жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келсенің, біз сізді келесі құжаттарды ұсына отырып, қатысуға шақырамыз:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- бағыт бойынша сарапшының біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері;

- жұмыс берушінің қолы қойылған, мөрмен бекітілген үміткердің еңбек өтілін растайтын түйіндеме.

Барлық құжаттарды бағытты көрсете отырып ueu_syilygy@qogam.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауларыңызды (техникалық ақауларды болдырмау мақсатында құжаттарды жолдағаннан кейін бізбен хабарласуды) сұраймыз

Толық ақпаратты келесі номерлер бойынша білуге болады:

+7 (7172) 74 09 97, 74 02 17, 74 05 11,

+7 (705) 101 59 05,

+7 (702) 376 84 00,

+7 (702) 714 63 24.