Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырыс жұмысына ҚР ПӘ ҚХАХ, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің, этносаралық мәселелер жөніндегі ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің ішкі / қоғамдық саясат басқармаларының басшылары қатысты.

Өз сөзінде ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Ерлан Абдакасов этносаралық қатынастар мәселелері бойынша сарапшылық қоғамдастықты жан-жақты дамытуды, ағымдағы жағдайға уақытылы баға беру және оны ақпараттық кеңістікте тарату маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова этносаясаттың өзекті қажеттіліктерін ескеретін қолданбалы және іргелі зерттеу тақырыптарының тізбесімен таныстырды.

Өз кезегінде, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қатынастар саласындағы зерттеулердің базалық тақырыптарын анықтау бойынша өңірлермен атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Мұндай зерттеулердің қажеттілігі, ең алдымен, аймақтардың этносаралық саланың белгілі бір өзекті мәселелерін шешуге деген қажеттілігінен туындайды.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс отырысына қатысушылар пікір алмасып, осы саладағы өзекті тақырыптар мен ғылыми жобаларды іске асыру тетіктері бойынша өз ұсыныстарын берді.