«Қайырымды істер марафонына» 500-ден астам коммерциялық ұйым мен ҮЕҰ қолдау білдірді

«Қайырымды істер марафонына» 500-ден астам коммерциялық ұйым мен ҮЕҰ қолдау білдірді

Осы жылдың ақпанынан бері «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына 2,5 миллионға жуық азамат атсалысып, 10 000-ға жуық іс-шара өткізілді, ал көмекті 150 000 адам алды. Жобаға белсенді түрде ШОБ, ірі кәсіпорындардың, ҮЕҰ мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр: бірінші жартыжылдықта Марафон ұранымен 500-ден астам ұйым қайырымдылық көмек көрсетті.

Алматы қаласында өткен онлайн-брифингте «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша өкілдігінің төрағасының орынбасары Долкунтай Абдухалилдің айтуынша, соңғы үш жылда Metall Prom Group компаниялар тобы қайырымдылыққа 450 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Ал осы жылдың басынан бастап жалпы сомасы 60 млн теңгеге 19 қайырымдылық акциясын өткізген. Осылайша, мәселен, тек бірінші жартыжылдықта Алматы қаласында 1000 отбасы: медицина қызметкерлері, ардагерлер, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 30 келілік азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар компания көпбалалы ана Гүлжан Бекебаева ашқан «Эйнштейннің балалары» атты аутизммен ауыратын балаларға арналған коррекциялық-дамыту орталығын қолдау үшін 2,7 млн теңге ақшалай грант бөлген. Басқа да қайырымдылық жобаларының ішінде жас чемпиондарды қолдау және балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, балалар үйіне, инклюзивті орталықтарға тұрақты көмек және тағы басқа игі істер бар.

«Біздің компания үшін көмек көрсету деген тек жоғары гуманистік акт қана емес, күнделікті қалыпты іс. Кәсіпорынның қағидаттары – адалдық, еңбекқорлық, сапа, мемлекет пен азаматтарға көмек. Кәсіпорын қоғамдағы әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде көмекке дайын», - деген Д.Абдухалил кәсіпкерлердің барлығы үшін қайырымдылық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы жылдың ақпан айында басталған болатын. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асырылуда.

Алда өтетін және өткізілген акциялар, сонымен қатар алдағы іс-шаралар мен конкурстар туралы жаңалықтар мен аңдатпалар туралы ақпаратты «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының qim.kz сайтынан көруге болады.