Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту сұрақтарына арналған онлайн-конференция өтті

Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту сұрақтарына арналған онлайн-конференция өтті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың төрағалығымен Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті.

Іс-шараға қазақстандық телеарналардың, жарнама сатушылардың, салалық қауымдастықтардың, зерттеу компанияларының өкілдері, сондай-ақ медиа-сала сарапшыларының көпшілігі қатысты.

Кемелбек Ойшыбаев министрліктің қолдауымен өткен жылдан бері өткізіліп келе жатқан медиа өлшеу жүйесін жетілдіру жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды. Осылайша, вице-министр өлшеу панельдерінің интеграциялануының арқасында 2021 жылғы мамырда Министрліктің сайтында онлайн-сервис іске қосылғанын атап өтті; және онда кез келген адам нақты уақыт режимінде теле өлшемдердің жедел деректерімен таныса алатынын айтты. "Бір уақытта ауылдық елді мекендерді телеөлшеумен қамту мәселесі пысықталуда", - деді К.Ойшыбаев.
Сонымен қатар, конференция барысында ҚР АҚДМ бірінші жартыжылдықта цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Цифрлық өмір салты – DigitEL» ұлттық жобасына «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамту үшін өлшеу панелінің болуы» көрсеткішін және оған сәйкес «ауылдық елді мекендердің көрермендер аудиториясын медиа өлшемдер жүйесімен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру» іс-шарасын енгізу мәселесі пысықталғаны туралы ақпарат айтылды.

Онлайн-конференция талқылау форматында болып, қатысушылар арасында өзара кәсіби пікірталас өтті. Сөйтіп, аталған телеөлшемдердің құбылмалылығы мәселесі бойынша Екатерина Кочева (31 арна) сөз сөйлеп, Ләззат Сүйіндік ("Хабар" АҚ) телеөлшеулер жүйесін жетілдірудің маңыздылығы туралы айтса; Дильмурад Рахимов (International Media Service) медиа-жарнама индустриясына қатысушылардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін қозғады, ал Татьяна Старцевая (TNS Central Asia) телеөлшеулерді ұйымдастыру мен өткізудің ағымдағы тәсілдері туралы айтып, Андрей Бояринов (MediaHills) «Қазіргі таңдағы телеөлшеулерді ұйымдастыру және өткізу тәсілдеріне» тоқталды.

Іс-шара соңында Кемелбек Ойшыбаев конференцияның барлық қатысушылары бір нәтижеге бағытталғанын және талқылау бойынша елімізде медиа өлшеу жүйесінің қалай дамитынына барлығының бей-жай қарамайтынын атап өтті.

Ол министрлік Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарға әрдайым ашық екенін еске салды.