ҚР АҚДМ-де ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар анықталды

ҚР АҚДМ-де ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар анықталды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар айқындалды. Уәкілетті тұлғалардың негізгі функциялары мен міндеттеріне мемлекеттік орган қызметінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және үйлестіруді жүзеге асыру жатады.

Тізіммен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/178229?lang=kk    

Сонымен қатар, Министрлік ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ретінде әрбір мемлекеттік органда ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлғаны (құрылымдық бөлімшені) айқындау бойынша жұмыс жүргізуде.