Сарапшылар NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа механизмдерін талқылады

Сарапшылар NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің жаңа механизмдерін талқылады

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен өңірлерге NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуде әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда.

Осы мақсатта 9 маусымда NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі Республикалық жобалық кеңсесі негізінде жастар саясаты саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған онлайн семинар ұйымдастырылды.

Семинар аясында қатысушыларға жастардың аталмыш әлеуметтік санатын анықтау мен есептеудің жаңа тетіктерін зерделеу ұсынылды. Сонымен қатар табысты тәжірибе алмасу мақсатында түрлі өңірлік жобалар қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жұмысының жоспары ұсынылды.

NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі Республикалық жобалық кеңсе ағымдағы жылдың сәуір айында ашылды. Мұнда жастар өздерін қызықтыратын өзекті мәселелер бойынша онлайн режимінде кеңес ала алады.