«Тең диалог» пікірталас клубының алаңында қайырымдылық туралы заң жобасын қоғамдық талқылау

«Тең диалог» пікірталас клубының алаңында қайырымдылық туралы заң жобасын қоғамдық талқылау

2021 жылғы 14 мамырда Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының алаңының - «Тең диалог» пікірсайыс клубында - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қоғамдық талқылау ұйымдастырылды.
Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаты В.Ким, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М. Қожахмет, «Сорос Қазақстан» Қорының, қоғам және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Заң жобасын әзірлеуші – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан заң жобасы шеңберінде ұсынылатын нормалардың таныстырылымы өткізілді. Жаңа енгізілімдер азаматтарды волонтерлік және қайырымдылық қызметке қатысуға ынталандыру, қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз ету, ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру шараларына қатысты.
Азаматтық қоғам саласындағы сарапшы Г.Кужекеева қайырымдылық ұйымдары үшін салықтық преференцияларды енгізу қажеттілігі туралы пікір білдірді.
Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің сарапшысы С.Арыстамбаева заң жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелерімен бөлісті. Заң жобасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар берілді.
Талқылау барысында қатысушылар заң жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстар айтты.
Министрлік диалогқа ашық екендігін атап айту керек және бұл талқылау «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қоғамдық талқылаулар сериясының жалғасы болып табылады.
Министрлік заң жобасын Мемлекет басшысының саланы және қайырымдылықты одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде әзірлегенін атап өтеміз.