МО қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілді

МО қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілді

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға енгізілген түзетулер негізінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган болып айқындалды. Осыған байланысты, Министрлік 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты бекітті.  Осы бұйрық 2021 жылғы 11 мамырда № 22713 Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті (https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/164850?lang=ru)

Аталмыш Қағидалар  мемлекеттік органдардың страрегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылау тәртібін айқындайды.