Қайырымды істер марафоны: Шығыс Қазақстан облысында туризм саласының қызметкерлеріне арналған тегін курс басталды

Қайырымды істер марафоны: Шығыс Қазақстан облысында туризм саласының қызметкерлеріне арналған тегін курс басталды

Қазақстанда «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы әлі де жүзеге асырылып келеді. Оның аясында елімізде оңалту, инклюзивті және білім беру орталықтары ашылып, 100 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды.

Игі істердің идеяларын корпоративті сектор мен бизнес құрылымдардың өкілдері қолдап отыр. «Ауыл-аймақтарды тұрақты дамыту қорлары» мен «Айтас KZ» АҚ Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында туризм саласындағы кадрларды даярлауға арналған ақысыз курстарды бастап кетті.

«Марафонға алғашқылардың бірі болып «Aitas» компаниялар тобы қосылды. Біз мұндай жобалардың жалпыұлттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Сондай-ақ бізге қолдау білдіріп, мейірімділік, өзара көмек және корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті насихаттағаны үшін компанияға алғыс айтамыз», - деп атап өтті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас.

«Ауыл-аймақтарды тұрақты дамыту қоры» жобаны іске асыру үшін 2 млн теңге бөлді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, білім беру модульдеріне қатысушылардың 90 пайызы жергілікті тұрғындар болса, қалған 10 пайызы таяу маңдағы қалалардың тұрғындары. Жалпы туристік бизнестің қазір жұмыс барысындағы және ісін енді бастап жатқан 102 жұмыскері оқудан өтеді: гид-экскурсия жетекшілеріне арналған курстарды қоспағанда әрбір модульде 15 орын қарастырылған.

«Қорлардың қызметі ауыл-аймақтарды дамытуға бағытталған. Бұл шаралар әрдайым дәрі-дәрмек пен білімнің сапасы, ауылдық жердегі тұрмыстық жағдайды жақсарту, кәсіпкерлікті, туризм мен мәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағдарланған. Біз «Қайырымды істер марафонына» қосылғанымызға қуаныштымыз. Өйткені біз Қазақстан халқына қызмет етуді - өз миссиямыз деп санаймыз», - деді «Айтас KZ» АҚ міндеттер мен миссиялар жөніндегі директоры Ксения Верба.

Өткен жылдан бері Қазақстанда, тіпті бүкіл әлемде туризм секторы COVID-19 пандемиясының салдарынан айтарлықтай құлдырап кетті. 2020 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның статистикасы бойынша, шетелдік туристердің әлемдік ағыны 3,8 есеге азайған. Алайда UNWTO-ның 2021-2024 жылдарға арналған егжей-тегжейлі сценарийлері 2021 жылдың екінші жартысына дейін халықаралық туризмнің қалпына келе бастайтынын нұсқайды. Сарапшылардың бағалауынша, туризм саласы 2019 жылғы деңгейге оралуы үшін 2-ден 4 жылға дейін уақыт өтуі мүмкін.

«Біз аталмыш кезеңді ұтымды түрде пайдаланып, қызмет көрсету деңгейі, туристік бағдарларды дамыту, туристік бизнестің жергілікті қызметкерлерінің: қонақ үйі қызметкерлері, гидтер, экскурсия жетекшілерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізуіміз керек», - деді UNWTO мен Бүкіләлемдік гид-экскурсия жетекшілері одағы жүйесі бойынша сертификатталған тренер Дина Шериязданова.

Туризм саласындағы қазіргі және ісін жаңадан бастаған қызметкерлер қазірден бастап оқытылып жатыр. 26 сәуірде бес оқу модулінің алғашқысы іске қосылды. Оған сәйкес, қонақ үйлердің қызметкерлерін даярлаудың қыр-сыры оқытылады. Сонымен қатар, бағдарламаға ат бағдары бойынша гидтерді, экскурсия жетекшілерін, жергілікті қолөнершілерді және агротуризм саласындағы жұмысшыларды даярлауға арналған модульдер енеді.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында басталған болатын.  Жобаның маңызды міндеттерінің бірі - қамқор азаматтар мен ұйымдарды біріктіре отырып, жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген қоғам құру. Бұл бастамалар болашақта қоғам мен адамдардың өмірін жақсартатынына кәміл сенім бар. Марафонға кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін азаматтар әлеуметтік желіде өзінің игі істерін #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ  #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегтерімен бөлісуі керек.

Ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша үйлестірушіге мына нөмір бойынша +7 7172 22 12 24 немесе инстаграмдағы @qaiyrymdy_ister_marafony аккаунты арқылы хабарласуға болады.