Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар

2021 жылдың 27 сәуірінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

call-center: 193, +7(727) 2 581 500,
e-mail: abonent@otautv.kz

БАҚ үшін байланыс телефондары: 8 (727) 2 44 45 00 (ішкі.: 1121); ұялы телефон: 8 775 724 38 22