Азаматтық қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі жөнінде сараптамалық талқылау өтті

Азаматтық қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі жөнінде сараптамалық талқылау өтті

Бүгін астанада онлайн режимінде "Азаматтық бастамалар орталығы" қоғамдық бірлестігінің "ҮЕҰ академиясы" жобасын іске асыру аясында "Азаматтық қоғамды дамытудағы ғылымның рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Лима Диас, "Street Law Kazakhstan" Білім беру жобасының ұлттық үйлестірушісі Халида Әжіғұлова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Андрей Чеботарев және азаматтық қоғам өкілдері қатарынан басқа да сарапшылар қатысты.

"Азаматтық қоғамды дамытуға сектораралық өзара іс-қимылдың, оның ішінде ғылым мен білімнің барлық өкілдері қатысуы тиіс. Ғылыми қоғамдастық сараптамалық қолдаумен шектелмеуі тиіс, оның әлеуеті үкіметтік емес ұйымдардың біліктілігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға және басқа да бастамалар мен жобаларға қатысуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Л.Диас.

Оның айтуынша, биылғы жылы ҮЕҰ академиясы үкіметтік емес секторды ағарту және білім беру саласында өз жұмысын жалғастырады. Бүгінгі күні жоба алдында бірнеше міндеттер тұр, оның ішінде 160 ҮЕҰ үшін "Өрелі ұрпақ" әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-мектебі, 800 ҮЕҰ өкілдерін қашықтан, мобильдік оқытуды ұйымдастыру, қоғамдық бірлестіктердің кәсіби дағдыларын дамыту және мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Ғылым өкілдері ғылыми зерттеулер жүргізу ісіне ҮЕҰдарды да тарту қажеттігін атап өтті. "Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, ҮЕҰ мемлекеттік саясатты, оның ішінде заңнаманы қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын көріп отырмыз. Сондықтан, ҮЕҰ - ның белсенді қатысуының арқасында қоғамның осал топтарының қажеттіліктерін көбірек ескеретін заңдардың сапасы өзгеруі мүмкін", - деп атап өтті "Street Law Kazakhstan" Білім беру жобасының ұлттық үйлестірушісі Халида Ажигулова.

Жақын арада Парламент Мәжілісінде азаматтық қоғам тарапынан мемлекетке қатысты бақылауды жүзеге асыруды көздейтін заң жобасы қаралады.

"Ол үшін тиісті зерттеу және талдау құралдары болуы керек. Өйткені, қоғамдық бақылау тетігі іске қосылған кезде ҮЕҰ - ның зерттеу қызметінің маңыздылығы артады", - деп санайды Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Андрей Чеботарев.