Бакуда түркітілдес елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Бакуда түркітілдес елдерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

10 сәуірде, Әзірбайжан астанасы Бакуда Түркі кеңесінің медиа және ақпарат саласы бойынша министрлері мен лауазымды тұлғаларының үшінші отырысы өтті

Жиынға түркітілдес мемлекеттердің министрліктері мен медиа өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов, «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарының басшылары болды.

Отырыста түркітілдес елдер арасында медиасаладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланды.
Вице-министр Асхат Оралов өз сөзінде бүгінде бауырмал түркі елдерінің арасында ынтымақтастық беки түскенін атап өтіп. Бұдан бөлек, осы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен "Turkistan" телеарнасының іске қосылғанын айтты.

Жиынға қатысушылар Түркі кеңесінің бейресми саммитінде қабылданған Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ету туралы декларация туралы оң пікір білдірді.