ЮНИСЕФ-ң балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингінің ашылуы

ЮНИСЕФ-ң балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингінің ашылуы

Бүгін БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оң ата-ананы ілгерілету» тақырыбында тренингтің ашылуы өтті.
Тренингке ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары С.Тұрсынбекова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы ШБайманов, журналистер, құқық қорғау саласындағы ҮЕҰ өкілдері және басқалар қатысты.
Ш.Байманов отбасы институтын нығайту және қолдау мақсатында Министрлік ҮЕҰ-мен бірлесіп тұрақты негізде отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға бағытталған гранттық жобаларды іске асыруда екендігін атап өтті.