Н.Назарбаев орталығы мен Ұлттық музей конфессияаралық келісім құндылықтарын бірлесіп насихаттайтын болады

Н.Назарбаев орталығы мен Ұлттық музей конфессияаралық келісім құндылықтарын бірлесіп насихаттайтын болады

Бүгін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жүйелік негізде ғылыми ақпарат, сараптамалық, тарихи материалдармен, сондай-ақ әдебиет, библиографиялық басылымдармен алмасу жоспарланған.

Сонымен қатар, меморандумда Қазақстан аумағындағы діндер тарихы, әлемдік Ислам дінінің тарихы және басқа діни ілімдер туралы арнайы тақырыптық көрмелер өткізу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тақырыптық көрмелермен танысу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылған.

Меморандумға қол қою барысында Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев тараптар Елбасы Н. Назарбаев бастамашысы болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын іс жүзінде ілгерілету саласында әріптестікті дамытуға ниетті екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның Тәуелсіздік тарихын дәріптеу, жалпыадамзаттық және рухани құндылықтарды нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын, мақсаттары мен міндеттерін өңірлік және халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.