Аида Балаева азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Аида Балаева азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева кезекті жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтініш иелерін қабылдау бейне-конференц-байланысы арқылы онлайн режимінде өтті.

Қабылдау барысында жастардың танымдық жобаларын жүзеге асыру, журналистика саласында кадрларды дайындау мен отандық телевизиялық контентті дамыту мәселелері талқыланды.

Еске сала кетсек, азаматтар Министрліктің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша egov.kz электрондық үкімет сервисінің көмегімен бейне-конференция-байланыс арқылы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің виртуалды қабылдауына қатыса алады.