«Azamattyq alan» отырысында Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі сұрағы талқыланды

«Azamattyq alan» отырысында Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі сұрағы талқыланды

Бүгін Министрлікте қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесі жөнінде «Azamattyq alan» кезекті отырысы өтті.

Кеңеске сараптамалық және ғылыми қауымдастық, азаматтық сектор және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Сонымен, талқылауға «100 жаңа есім жобасының» жеңімпазы Мәулен Бектұрғанов, «Қазақстан дауысы» жобасының жүлдегері Әлібек Альмадиев, Есен Елеукен, Шәкәрім Сейсенбай және т.б. белгілі тұлғалар ат салысты.

Іс-шара барысында қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігі мен ары қарай атқарылатын жүйелі жұмыс жөнінде айтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жетілдіру және одан әрі тиімді іске асыру бойынша жастардың қатысуымен нақты бағыттар мен жаңа тәсілдер қалыптастырылды.