Мысырда Қазақстанның конфессияаралық келісімді дамыту сұрақтарындағы тәжірибесін жоғары бағалады

Мысырда Қазақстанның конфессияаралық келісімді дамыту сұрақтарындағы тәжірибесін жоғары бағалады

2021 жылдың 13-14 наурызында Мысырдың Каир қаласында «Діндер мен мәдениеттер диалогы» халықаралық конференциясы өтті. Халықаралық конференция аясында әртүрлі елдерден қатысқан дін саласының мамандары әлемдегі діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелерін, COVID-19 пандемия кезіндегі өзгерістер жағдайын, мәдениетаралық диалог пен рухани бірлікті нығайту мәселелерін талқылады.

Мысыр Араб Республикасының шақыруымен аталған Конференция жұмысына Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев қатысты.

Болат Сәрсенбаев өз сөзінде Қазақстан үнемі түрде барлық елдерді және көшбасшыларды дағдарыстардың, әсіресе рухани және діни дағдарыстың алдын-алу шараларын қабылдауға шақыратынын баса айтты. Сондай-ақ, әлемдік саясатта діндер, мәдениеттер диалогының идеялары мен құндылықтарын ілгерілетуде шешуші рөл атқаратын Мысырдың ұстанымы Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыратынын жеткізді.

Булат Сәрсенбаев Елбасы Н.Назарбаевтың, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау мен қамтамасыз етудегі, конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің тиімді стратегиясын құрудағы рөлі туралы айтты. Атап айтсақ, 2021 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығына, 2022 жылы өткізуге жоспарланып отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне дайындық барысына тоқталды.

Мысыр тарапының өкілдері Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін, сондай-ақ Елбасымыз Н.Назарбаевтың діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілетудегі айрықша үлесін жоғары бағалады және алда болатын Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен бірге, Болат Сәрсенбаев Мысыр Араб Республикасының Жоғарғы Мүфтиі Шауки Алляммен және алдағы Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің басқа да әлеуетті қатысушыларымен кездесті.

Одан басқа, Н.Назарбаев орталығының басшысы Мысыр Араб Республикасының исламдық оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесуге қатысты.