Н.Назарбаев орталығы өзбекстандық Ислам өркениеті орталығымен ынтымақтастықты дамытады

Н.Назарбаев орталығы өзбекстандық Ислам өркениеті орталығымен ынтымақтастықты дамытады

2021 жылдың 3 наурызында Ташкентте Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты өркениетаралық және конфессияаралық диалог саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру, толеранттылық пен келісім қағидаттарын дамыту болып табылады.
Тараптар дінаралық диалогты дамытудағы өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі мемлекет аумағында осы бағыттағы кездесулер, іс-шаралар, форумдар мен саммиттер ұйымдастыру мәселесі бойынша келісімге келді.
Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев діни және ғылыми сарапшылар қауымдастығының түрлі конфессиялық қатынастары саласындағы іргелі, қолданбалы, зерттеу жобаларын дамытудағы рөлінің өсіп келе жатқандығын, діндер арасындағы толеранттылықты нығайту, сондай-ақ екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Болат Сәрсенбаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти У.Алимовпен, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ф.Арзиевпен, Палестина Мемлекетінің Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Таршаханимен кездесті.
Айта кету керек, өзбек тарапының бастамасымен кездесулер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Атап айтқанда, Болат Сәрсенбаев жетекші «Өзбекстан 24» телеарнасына, «Muslim.uz», «Batafsil.uz», «Uza.uz» жаңалық порталдарына және басқа да БАҚ-қа сұхбат берді.