Павлодар облысында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Павлодар облысында ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Министрліктің Павлодар облысындағы Стратегиялық сессиясының басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту.

Бүгін, 26 ақпанда, Павлодар облысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.

Стратегиялық сессия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов пен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қатысқан кездесуден басталды.

Олар күн тәртібін сөзге алып, cоған сәйкес 15 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптарын белгіледі.

Павлодар облысындағы АҚДМ іс-шараларына 400-ге жуық адам қатысты, онда телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі «Қазтелеадио» АҚ қызметі; дінтану сараптамасын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, салалық журналистиканы дамыту және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.

Ведомство қызметкерлері Павлодар облысының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараларда айтылған барлық ұсыныстар одан әрі жұмысты орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жетілдіру кезінде ескерілетін болады.

Айта кетейік, ел өңірлеріндегі «Министрлік күндері» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.