ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған орай, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.